17.01.2020, 10:32
Оқылды: 24

БҚО-дағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департамент қызметкерлері ардагерлер кеңесінің мүшелерімен кездесті

БҚО-дағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департамент басшысының бірінші орынбасары Н.Самет Орал қаласының ардагерлер кеңесінің мүшелерімен кездесті, деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

dep kor2

Шараға қатысқан ардагерлер қатарында мемлекеттік органдардың, әкімдік бөлімшелердің, аудан әкімшілігінің және облыстағы кәсіпорындардың бұрынғы басшылар бар.

Н.Самет оларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі бағыттарымен және оның іске асырылу барысы туралы таныстырды. Сондай-ақ жұртшылықпен тығыз байланысқа ерекше назар аударды. Аға буын өкілдерін облыстың білім беру мекемелерінде парасаттылық сағаттарын өткізуге белсенді қатысуға шақырды.

Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Нығмет ыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жұмысын жоғары бағалап, қоғам арасында парасаттылықты қалыптастыру үшін таңдалған бағыт елдің барлық азаматтары үшін міндетті екенін айтты.

Ақпараттық-насихаттау штабының мүшесі, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Мұхамбетов жастар арасында академиялық адалдықты қалыптастыруға тікелей әсер ететін студенттік өзін-өзі басқаруды жандандыру қажеттігін жеткізді.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале