27.05.2020, 5:01
Оқылды: 38

БҚО полиция департаменті ППБ қызметкерлеріне қатысты ұсынымдар қаралды

2020 жылғы 26 мамырда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және облыстық полиция департаменті басшылығының қатысуымен ҚІЖК-нің 200-бабы тәртібінде жүйелі парақорлық фактілері бойынша, патрульдік полиция қызметінде аяқталған қылмыстық істер бойынша енгізілген ұсынымдар қаралды.

5DA46C96-2EEC-47AA-9270-B43AA55B87B2

Сотқа дейінгі тергеулерге сәйкес, автокөлік құралдарының жүргізушілері патрульдік полиция инспекторларына әкімшілік жауапкершілікке тартылмау үшін 2 мыңнан 10 мың теңгеге дейін пара берген.

Ұсынымдарды қарау нәтижелері бойынша Полиция департаментіне:

- күнделікті кезекшілік алдында, патрульдік полиция жеке құрамы алдында, мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының талаптарын, басымдықтары мен құндылықтарын, оны соңғысын жол қозғалысына барлық қатысушыларға жеткізу;

- патрульдік автомашиналар мен полиция ғимараттарында мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын насихаттайтын жапсырмалар, парақшалар, плакаттар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын бұзудың салдарларын орнату (желімдеу);

- полиция басқармасының кезекші бөліміне шығара отырып патрульдік автомашиналар салонын бақылау камераларымен жабдықтау;

- батальонның жеке құрамын бейнетіркеуіштердің (видеожетондардың) қажетті санымен қамтамасыз ету;

– бейнетіркегіштердің, жетондар мен т.б. қатты дискілерінен басқа электрондық тасымалдаушыға жеке бір тәулік ішінде жол қозғалысына қатысушылар тарапынан құқыққа қарсы әрекеттер жасалған немесе батальонның жеке құрамымен байланысты қандай да бір төтенше жағдайлар болған жағдайда бейнеақпаратты көшіру;

- қызметті тұрақты негізде бейнетіркегіштерді (видеожетондарды) пайдалана отырып жүзеге асыру.

F64C29A9-C0DE-4084-99A4-63DC0F1E13B5

Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы кез келген азамат 24/7 режимінде жұмыс істейтін «1424» Call-орталығы арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке хабарлай алады.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале