13.03.2020, 9:54
Оқылды: 53

БҚО жемқорлыққа қарсы қызметі «Ашық есік күнін» өткізді

Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2020 жылдың 12 наурыз күні азаматтар мен шенеуніктерді ашықтық пен парасаттылыққа шақырып, барлық ниет білдірушілер үшін өз есігін айқара ашты.

ashik esyk kuni (1)

ashik esyk kuni (2)

ashik esyk kuni (3)

«Ашық есік күні» - студенттерге ұнаған және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, жастар арасында сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілік аясында игі дәстүрге айналған акция. Іс-шара барысында қатысушыларға департамент ғимараты бойынша экскурсия жүргізіліп, қызметкерлердің еңбек жағдайлары, сондай-ақ кезек күттірмейтін тергеу әрекеттерін жүргізу және уақытша ұстау бойынша қызметтік үй-жайлары көрсетілді. Сонымен қатар, «Antikor ortalygy» сервис орталығының базасында экскурсанттарға арналған «Сыбайлас жемқорлық себептерімен заңсыз әрекеттерден қорғау» тақырыбында тренинг өткізілді.

Азаматтық ұстанымды нығайту мақсатында тыңдаушылар назарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл агенттігінің бірыңғай «1424 Call – орталығы» қызметі ұсынылды. Қатысушылар дайындалып жатқан және жасалған сыбайлас жемқорлық қылмыстары туралы хабарлағаны үшін қолданыстағы көтермелеу жүйесімен таныстырылды.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале