22.05.2020, 9:16
Оқылды: 22

Бұл палата «Адалдық алаңы» жобасын жалпыреспубликалық қозғалысқа айналдырудың тиімді механизмін ұсынады

2020 жылдың 21 мамыры күні БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және БҚО жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен пікірсайыс ойыны онлайн өтті.

DAA0235F-AD5F-481D-8D96-1837FA73FDC2

Пікірсайысқа «Рух» пікірталас орталығының мүшелері қатысып, әдемі ойын өрнегін көрсете білді.

Үкімет пен оппозиция «Бұл палата «Адалдық алаңы» жобасын жалпы республикалық қозғалысқа айналдырудың тиімді механизмін ұсынады» қарарын талқылады.

Әр тарап өздерінің тиімді механизмдерін ұсынып, қызу талқыға түсті.

БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшылығы ойынды қорытындылап, жастарды адалдық, парасаттылық және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға шақырды.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале