28.05.2020, 9:33
Оқылды: 19

Департаменттер арасында меморандумға қол қойылды

2020 жылдың 27 мамыр күні «ANTIKOR ORTALYGY» сервистік орталығында БҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Р.С.Ақмырзаевтың, БҚО Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің (бұдан әрі - БҚО ІМАД) басшысы Б.С.Қабдыраш, «Ақжайық-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Ә.Ө.Салиеваның қатысуымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

23683B28-C129-4DEB-AE62-A535EDCFEDA1

Меморандумның мақсаты ведомстволар арасындағы тиімді өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықты ұйымдастыру болып табылады, өйткені олар қоғам мен мемлекеттің экономикалық мүдделерін қорғауға бағытталған.

Сонымен қатар «Адал көмек» жобасы аясында БҚО ІМАД басшысы Б.Қабдыраштың қатысуымен «Арнайы тәртіп бойынша мемлекеттік сатып алуды өткізу» тақырыбында онлайн семинар өткізілді.

Камералдық бақылау бөлімінің басшысы Ш.Нұрман «ТЖ кезінде мемлекеттік сатып алудың ерекше тәртібін қолдану» туралы жан-жақты түсіндірді және жиі жіберілетін бұзушылықтарды атап өтті.

Онлайн семинарға «ZOOM» қосымшасы және әлеуметтік желілер арқылы мемлекеттік сатып алуды өткізуге жауапты мемлекеттік органдардың 280-нен астам тыңдаушылары қатысты.

  zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале