22.05.2020, 19:32
Оқылды: 14

Ішкі мемлекеттік аудит саласындағы онлайн-қабылдау

2020 жылғы 22 мамырда ANTICOR LIVE жобасын іске асыру аясында «Ақжайық-адалдық алаңы» «Facebook» парақшасында БҚО бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы Б.С.Кабдырашпен бас маманы А.А.Шингалиев жобалық кеңсе алаңында азаматтарды онлайн қабылдау жүргізді.

86EB6E7D-7DD7-45A6-82D7-0E85AFB2FB0E

Тікелей эфир кезінде әлеуметтік желілерді пайдаланушылардан түрлі сұрақтар түсті. Бір көзден мемлекеттік сатып алуға қатысты, медиандық баға бойынша қалыптастыру ережелерінің мәселелері және т.б.

пайдаланушылардың барлық сұрақтарына толық жауаптар берілді.

Жобалық кеңсемен БҚО бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшылығына сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау бойынша мемлекеттік сатып алуды өткізуді түсіндіру бойынша онлайн семинар өткізуді ұсынды.

Азаматтарды қабылдау міндеті - халықпен тікелей диалог орнату және нығайту, азаматтардың нақты әлеуметтік мәселелерін шешу.

Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы азаматтар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке 24/7 режимінде жұмыс істейтін «1424» Call-орталығы арқылы хабарлай алады.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале