27.11.2020, 17:37
Оқылды: 183

IX Азаматтық форум сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерінде үкіметтік емес ұйымдар өкілдерін біріктірді

Ағымдағы жылдың 26 қарашасында IX Азаматтық форум аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен онлайн кездесу өткізді.

 1 (2)

Кездесуде Агенттіктің консультативтік-кеңесші органдарының және сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобаларының, өңірлік және республикалық үкіметтік емес ұйымдардың, БАҚ өкілдері қатысты.

Іс-шараны ашқан О.Бектенов Мемлекет басшысының саясатын іске асыру аясында Агенттік ашықтық, транспаренттілік және есептілік қағидаттарында азаматтық қоғаммен ауқымды серіктестік құрғанын атап өтті.

Атап айтқанда, оң өзгерістерге қолжеткізуде арнайы мониторингтік топтар, «Адалдық алаңы» жобалық кеңестері, ақпараттық-ағартушылық штабтар, «Адал көмек» және «Ашық бюджет» жобалары маңызды рөл атқарады.

Республикалық арнайы мониторингтік топтың жетекшісі Айгүл Соловьева Агенттіктің қоғам өкілдерімен бірлескен қызметінің нәтижелерін атап өтті. Оның айтуынша, арнайы мониторингтік топтар Агенттікпен бірге «Азаматтық бақылау» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысты іске қосты.

Қоғамдық бақылаудың пәрменділігі мен өміршеңдігін «Адалдық алаңы» республикалық жобалық кеңсесінің басшысы Төлеген Байғұлов та атап өтті. Көрнекі мысал ретінде ол кеңеске қатысушыларға көліктік бақылау, салықтық және кедендік әкімшілендіру, экологиялық реттеу салаларындағы қоғамдық бақылау нәтижелерін көрсетті.

2 (2)

Қоғамдық бақылау тетіктерімен қатар қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және парасаттылық идеологиясын ілгерілету бойынша ағартушылық шаралар да қолданады. Республикалық ақпараттық-ағарту штабының жетекшісі Ырза Тұрсынза жүргізіліп жатқан жұмыс нәтижесінде халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы белсенділігінің артқанын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша форумға қатысушылардың барлық ұсыныстары мен ұсынымдары Агенттік басшылығының назарына алынды және Агенттікпен қоғам өкілдерімен одан әрі бірлескен жұмысында пайдаланылатын болады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале