10.09.2020, 21:20
Оқылды: 81

Қала көшелерінде жол сапасын тексеру бағытындағы мониторинг жалғасуда

2020 жылдың 10 қыркүйегінде жол құрылысы саласындағы сыбайлас жемқорлықты жою бойынша «Сапалы жол – адалдық алаңы» жобасын іске асыру шеңберінде «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК облыстық филиалының мамандарымен «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық офисімен, қоғам және БАҚ өкілдерімен бірлесіп Ә. Молдағұлова көшесіндегі күрделі жөндеу объектісінде мониторинг жүргізді.

1a2a275c-14fa-4acf-92ce-d96fcbaa65b0

Ағымдағы жылдың мамыр айында Ә.Молдағұлова көшесінде анықталған өткен жылғы ескертулерді жою бойынша жұмыстар барысына мониторинг жүргізілген болатын. Комиссиялық тексеру барысында, мердігермен анықталған былтырғы ақаулар әлі күнге дейін жойылмағаны, атап айтқанда, мердігер кепілдік міндеттемелер шеңберінде жол төсемінің жоғарғы қабатын ауыстыруы тиіс болатын, оның орнына объектіде тек шұңқырларды жөндеу жұмыстары басталғандығы анықталған еді.

Қазіргі уақытта мониторинг барысында жоғарыда аталған ескертулер жойылғаны, атап айтқанда жол төсемінің жоғарғы қабатының 6770 м2 жамылғысы ауыстырылғаны анықталды. Атқарылған жұмыстардың сапасын тексеру мақсатында, «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК облыстық филиалының мамандарымен тиісті сараптама үшін керн сынамасына іріктеу жүргізілді.

7ddb1ce3-9373-4832-a365-4d39f3b3d814

Осы жобаның міндеттерінің бірі белсенді азаматтық ұстанымы бар қоғам мүшелерімен өзара іс-қимыл кезінде жол құрылысының барысын қоғамдық бақылауды және ашықтықты қамтамасыз ету болып табылады.

Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы кез келген азамат 24/7 режимінде жұмыс істейтін «1424» Call-орталығы арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке хабарлай алады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале