21.05.2020, 20:48
Оқылды: 17

Қала көшелеріндегі жол сапасының мониторингі жалғасуда

 2020 жылдың 21 мамырында жол құрылысы саласындағы сыбайлас жемқорлықты жою бойынша «Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобасын жүзеге асыру аясында «Ұлттық жол активтерінің сапасының орталығы» РМК облыстық филиалының мамандары «Ақжайық-адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен, АМТ, қоғам және БАҚ-пен бірлесіп, А.Матросова, Лесозашитная және 8 март көшелерін күрделі жөндеу объектілерінде мониторинг жүргізді.

DF2FB3B8-624D-46D3-B1F9-BF50A3EF98C1

А. Матросова көшесі бойынша (күрделі жөндеу – мердігер ЖШС Иском) бастапқы жұмыстары жүргізілуде, сараптама үшін материалдар сынамаға алынды.

Лесозащитная көшесі бойынша (мердігер «Ануш Құрылыс» ЖШС) а/б жамылғысының жүру бөлігінің, тротуарлардың, сондай-ақ бетон жамылғысының жоғарғы қабатының енінің жоба талаптарына сәйкестігіне геометриялық параметрлерге (енін өлшеу, қалыңдығын анықтау және сараптау үшін а/б жамылғыдан керндерді іріктеу) мониторинг жүргізілді.

6FC62BCC-4C1A-4CB7-B66B-6732C51B0681

Іріктелген керндер бойынша сынақтар жүргізілетін болады.

Сонымен қатар, кәріз құдықтарының люктерінің қақпағы бетон жамылғысының жоғарғы қабатына қатысты 8 см-ге жуық төмендетілгендігі көзге көрінді.

384E10FD-166E-49CA-BB97-E170F92C87A3

Аталған көшенің жобасында жолдың екінші бетінде тротаур болмауы және үй-жайларға кіре-беріс қарастырылмағаны анықталды. Бұл ескерілмеген негіздер тұрғындарға елеулі қолайсыздықтар тудыруда.

Осыған ұқсас зерттеулер 8 март (мердігер Түркістан Жол Сервис ЖШС) көшесінде жүргізілді. Бұл көшеде жолдың жүру бөлігі 7 см тротуарлардан жоғары екендігі және үй-жайларға кіре-беріс қарастырылмағаны анықталды.

Аталған ескертулер бойынша «Ұлттық жол активтері сапасының орталығы» РМК облыстық филиалымен тапсырыс берушіге тиісті хат жіберіледі.

Осы жобаның міндеттерінің бірі белсенді азаматтық ұстанымы бар қоғам мүшелерімен өзара іс-қимыл кезінде жол құрылысының барысын қоғамдық бақылауды және ашықтықты қамтамасыз ету болып табылады.

Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы кез келген азамат 24/7 режимінде жұмыс істейтін «1424» Call-орталығы арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке хабарлай алады.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале