26.05.2020, 9:53
Оқылды: 31

Карантиндік режимге қатысты сауалдар түсті

2020 жылдың 25 мамырында ANTICOR LIVE жобасын іске асыру аясында «Ақжайық - адалдық алаңы» Facebook парақшасында БҚО бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Н.Мустаев жобалық кеңсе алаңында азаматтарды онлайн түрде қабылдады.

304DBC83-7789-474D-818E-655076D780A2

Тікелей эфир кезінде әлеуметтік желілерді пайдаланушылардан түрлі сұрақтар түсті. Негізгі мәселелер карантин режимін 15 маусымға дейін ұзарту және онымен байланысты шараларды күшейту бойынша болды.

Пайдаланушылардың барлық сұрақтарына толық жауаптар берілді.

Азаматтарды қабылдау міндеті - халықпен тікелей диалог орнату және нығайту, азаматтардың нақты әлеуметтік мәселелерін шешу.

Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы азаматтар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке 24/7 режимінде жұмыс істейтін «1424» Call-орталығы арқылы хабарлай алады.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале