19.02.2020, 14:56
Оқылды: 23

Қауіпсіздік белдігін тағуды ұмытпаңыз!

«Ақжайық-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі мен ақпараттық-насихат штаб мүшелері облыстық полиция департаменті Патрульдік полиция батальонының жеке құрамымен кездесу өткізді.

пристегните ремни (1)

Іс-шараға «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі басшысы Ә.Салиева, ақпараттық-насихат штаб мүшесі М.Әнесов, Департаменттің превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Б.Хайруллин қатысты.

пристегните ремни (2)

Ә.Салиева «Ақжайық-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жұмысының негізгі бағыттары мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелерін түсіндірсе, М.Әнесов қатысушыларды облыстық Штабтың жұмысымен таныстырып, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, парасаттылықты қалыптастыруға бағытталған шараларға белсенді түрде атсалысуға шақырды. Қатысушыларға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызмет барысы және сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасаған күдіктілерді ұстау барысы туралы бейнероликтер көрсетілді.

Азаматтар сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің «1424» Call орталығына хабарлай алады. Call орталық 24/7 режимінде қызмет жасайды.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале