2.12.2020, 15:04
Оқылды: 193

Қазақстанның мемлекеттік органдарында «Адалдық алаңы» посттары пайда болды

Алғашқы ақпараттық баннерлер Орал қаласында орнатылды.

Фото (3) (5)

Жемқорлықтың алдын алуға бағытталған посттардың ашылу салтанатында республикалық «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа-орталығының төрағасы Төлеген Байгулов бұл жобаның мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қоғамдық бақылауды күшейтуге көмектесетіндігін, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді сапалы алуға, заманауи цифрлық технологияларды енгізуді қамтамасыз етуге және қызмет көрсету процесінде адами факторларды болдырмайтындығын атап өтті.

Фото (7) (1)

«Мемлекеттік органдар  өз қызметтерін «жедел және кедергісіз» қағидаты бойынша қайта құруы қажет. Яғни, қазақстандықтар өздерінің сұрақтары мен өтініштерінің жауабын сол күні алуы тиіс. Егер уақытылы ақпарат берілмесе, онда қызмет алушылар ақпараттық постта көрсетілген нөмірлер бойынша жүгіне алады», - деді Төлеген Байгулов.

Фото (1) (7)

Қызмет алушылар мемлекеттік қызметтер сапасыз көрсетілгенде, мемлекеттік қызметкерлер тарапынан этикалық нормалар бұзылғанда, барлық салада әуре-сарсаңға салынатын және басқа да заңсыз іс-әрекеттер фактілері туралы аудио, бейнежазба және ақпараттық мәтін форматында бөлісе алады. WhatsApp нөмірінен басқа, сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша 1424 кол-орталығының нөмірі арқылы хабарлауға да болады.

Келіп түскен барлық шағымдар республикалық деңгейде қарастырылып егжей-тегжейлі талқыланатын болады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале