26.11.2018, 13:05
Оқылды: 63

Келесі жылы БҚО-да халықаралық «Қызғалдақ» фестивалі өтеді

Бұл туралы БҚО Өңірлік коммуникация қызметі хабарлады.

IMG_0431-350x233

         -Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы жарияланды. Жаһандық құбылыстар қарқынды жүріп жатқан кезеңде мемлекетіміздің дамуына жаңа рухани дем берген мақаланы Ақжайық өңірі толықтай қолдайды.

Мақалада Елбасы атқа міну мәдениеті туралы кеңінен тоқталды. Жылқыны қолға үйреткен Ұлы даланың ұрпақтары болғаннан кейін бұл дәстүр біздің өміріміздің ажырамас бөлігі. Жақында Орал қаласында жеке кәсіпкердің 300 млн. теңге қаражатына «Саят» атты этнотуристік орталық ашылып, ат спортының дамуына үлес қоса бастады.
Біздің археологтарының жұмыстарының нәтижесінде Орал қаласының жанынан ортағасырлық Жайық қалашығының орны табылды. Бұл қалашық «Қасиетті орындар» тізіміне енгізілді. Орта ғасырдың өзінде биік қорғандар, металл бұйымдарын жасаған ұстаханалар, моншаның орны анықталды. Болашақта біз бұл орынды ашық аспан музейі жасап, туристерді тартуды жоспарлап отырмыз.

         Келесі көктемде Батыс Қазақстан облысында халықаралық «Қызғалдақ» фестивалі ұйымдастырылмақ. Бұл жобаның мақсаты – патриотизмнің басты ерекшелігі – туған өлкеге, оның мәдениетіне, салт-дәстүріне ерекше көзқарас қалыптастыру. Жер бетінде қызғалдақтың 120-дан астам түрі бар. Батыс Қазақстан облысындағы Қараөзеннің жағасында 400 гектар алқапта 12 түрлі қызғалдақ өседі. «Қызғалдақ» фестивалі 2019 жылдың 1-10 мамыр ұйымдастырылады.
Президентіміз өз мақаласында атап өткен Түркі әлемі мәдениеті мен славян мәдениетінің тоғысқан тұсы Ақжайық өңірінде туристік орындар жеткілікті,- деді Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатына қатысқан БҚО әкімі Алтай Көлгінов

zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале