21.02.2020, 12:22
Оқылды: 37

Жиын мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО бойынша департаментінің басшысы Р.Ақмырзаевтың қатысуымен қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау мен денсаулық сақтау басқармаларының ұжымдарында кездесу ұйымдастырылды.

IMG_3472

Р. Ақмырзаев: «2019 жылы Батыс Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен денсаулық сақтау саласында 8 сыбайлас жемқорлық қылмыстары тіркелген. Жалпы, республика бойынша тәжірибе көрсетіп отырғандай, Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды бірнеше топқа бөлуге болады: біріншісі бұл қаржы-шаруашылық қызметтегі, атап айтқанда дәрілік заттарды, медициналық жабдықтарды, тамақ өнімдерін сатып алу және басқа да сатып алу кезіндегі бұзушылықтар, екінші тобы бақылау-қадағалау және рұқсат беру функцияларын жүзеге асырумен байланысты, үшінші топ біліктілік санатын, мамандарды аттестаттау кезінде сертификаттарды алумен байланысты», – деп атап өтті.

  IMG_3484

Шара барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызмет барысы және сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасаған күдіктілерді ұстау барысы туралы бейнероликтер көрсетілді. 

 

zhaikpress.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале