29.06.2020, 19:42
Оқылды: 68

«Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою бойынша журналистік зерттеу»

«Ақжайық – Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесімен журналистер, блогерлер және жоғары оқу орындарының студенттері арасында «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою бойынша журналистік зерттеу» тақырыбында шығармашылық жұмыстар байқауы ұйымдастырылды. Фото (16)1

Байқау қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында өткізілді.

 Байқауға аталған тақырып бойынша шығармашылық жұмыстар мен зерттеулер жүргізген 10-нан астам қатысушылар қатысты.
Фото (19)1

Байқаудың негізгі мақсаты – тұрғындардың құқықтық білім деңгейін арттыру, азаматтық жауапкершілік деңгейін арттыру, сыбайлас жемқорлыққа бұрыс қарауға тәрбиелеу, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру болып табылады.

 Конкурстық комиссияның шешімімен І орынды – «ТДК 42» телеарнасының тілшісі А.А.Хамитова, ІІ орынды – «Орал өңірі» газетінің редакторы Н.З.Оразаев, ІІІ орынды – «Время» республикалық газетінің тілшісі З.В.Удовиченко иеленді.

 Жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Н.И.Самет, «Ақжайық – Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы А.Ө.Салиева және БАҚ өкілдері қатысты.

 Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале