20.10.2020, 19:50
Оқылды: 133

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған кездесулер өтті

2020 жылдың 20 қазан күні БҚО Полиция департаментінің Абай полиция бөлімінің және «Ұлттық сараптама орталығы» БҚОФ-ның ұжымдарымен кездесулер ұйымдастырылды.

4724B372-D2EC-4679-8699-984AA2AAE043

Шараның мақсаты қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, парасаттылықты қалыптастыру болып табылады.

 Кездесулер барысында қатысушыларға «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы таныстырылды, сонымен қатар сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуға және қоғамда парасаттылықты қалыптастыруға бағытталған заңнамалық бастамалар мен новеллалар баяндалды.

 Қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік бейнероликтер көрсетілді.

29D4354D-4462-482F-85CE-E07CBF906985

 Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале