26.02.2020, 10:43
Оқылды: 18

Колледж ұжымы сыбайлас жемқорлыққа қарсы!

25 ақпан күні ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО бойынша департаменті жанындағы облыстық ақпараттық-насихат штабының мүшелері А.Иманов атындағы жол-көлік колледжінің ұжымымен кездесу өткізді.
imanov (2)

Шараға облыстық ақпараттық-насихат штабының жетекшісі Н.Жолдасқалиев, департаменттің превенция және парасаттылық басқармасының бас маманы Р.Мұратов және колледж ұстаздары қатысты.

imanov (1)

Н.Жолдасқалиев қатысушыларды облыстық штабтың жұмысымен таныстырып, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, парасаттылықты қалыптастыруға бағытталған шараларға белсенді түрде қатысуға шақырды. Қатысушыларға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметі және сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасаған күдіктілерді ұстау барысы туралы бейнероликтер көрсетілді. Азаматтар сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің «1424» Call орталығына хабарлай алады. Call орталық 24/7 режимінде қызмет жасайды.

 

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале