15.09.2020, 14:52
Оқылды: 117

Компьютерлерлік техниканы бөлу – қоғам бақылауында

2020 жылғы 15 қыркүйекте «Aqjayiq – adaldyq alany» жобалық кеңсесі, БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қызметкерлерінің және мемлекеттік мекемелер өкілдерінің қатысуымен БҚО білім басқармасында мектептерге арналған моноблоктарды (компьютерлерді) бөлу бойынша  жұмыс тобының отырысы өткізілді.

komp texnika (1)

Қашықтықтан білім беруді ұйымдастыру мақсатында БҚО әлеуметтік аз қамтылған отбасыларына уақытша пайдалануға беру үшін ҚР Үкіметінің резервінен 14970 бірлік компьютерлік техника (компьютерлер – 1558 бірлік, планшеттер – 2018 бірлік, ноутбуктер 11394 бірлік) сатып алуға 2 318 399 596 теңге сомасында қаражат бөлінген болатын.

komp texnika (2)

Бүгінгі күні «Казинтерсервис» ЖШС компьютерлік техниканың бір бөлігі (1500 ноутбук) жеткізілді.

komp texnika (3)

Бұл планшеттер Орал қаласы, Теректі және Бәйтерек аудандарындағы әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларға берілетін болады.

komp texnika (4)

Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы кез келген азамат 24/7 режимінде жұмыс істейтін «1424» Call-орталығы арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке хабарлай алады.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале