18.09.2020, 15:56
Оқылды: 100

Компьютерлік техниканы бөлу – қоғам бақылауында

2020 жылғы 18 қыркүйекте «Aqjayiq – adaldyq alany» жобалық кеңсесі, БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қызметкерлерінің және мемлекеттік мекемелер өкілдерінің қатысуымен БҚО білім басқармасында мектептерге арналған компьютерлік техниканы бөлу бойынша жұмыс тобының отырысы өткізілді.

komp texnika (1)

Қашықтықтан білім беруді ұйымдастыру мақсатында БҚО әлеуметтік аз қамтылған отбасыларына уақытша пайдалануға беру үшін ҚР Үкіметінің резервінен 14970 бірлік компьютерлік техника (компьютерлер – 1558 бірлік, планшеттер – 2018 бірлік, ноутбуктер 11394 бірлік) сатып алуға 2 318 399 596 теңге сомасында қаражат бөлінген болатын.

komp texnika (2)

Бүгінгі күні «Казинтерсервис» ЖШС компьютерлік техниканың бір бөлігі (600 планшет) жеткізілді.

komp texnika (3)

Бұл планшеттер Ақжайық, Бөкей ордасы, Бөрлі, Жәнібек, Казталов, Қаратөбе, Тасқала және Шыңғырлау аудандарындағы әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларға берілетін болады.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале