31.03.2020, 23:44
Оқылды: 61

ҚР ҚПК-нің 200-бабымен енгізілген ұсыным қашықтықтан байланысу арқылы қаралды

 31 наурыз күні БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен Казталов ауданы басшылығының қатысуымен «БҚО Казталов ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ бас маманы А.Ғизатуллинге қатысты қылмыстық іс бойынша ҚР ҚПК-нің 200-бабы тәртібімен енгізілген ұсыным қашықтықтық байланыс құралдарын пайдалана отырып,  қаралды.

434AED58-5C38-4EF3-A303-1384B8400113

 Ол 2018 жылы ауданның шаруа қожалықтарының кедергісіз субсидия алуына көмек көрсеткені үшін, жайылымдарды суландыру инфрақұрылымын құру және мал шаруашылығын сумен қамтамасыз ету шығындарын өтеу бойынша қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану, салғырттық және шаруа қожалықтарының басшыларынан жалпы сомасы 390 мың теңге пара алды деп күдікті болды.

 Ағымдағы жылдың 30 наурызында БҚО Казталов аудандық сотының үкімімен Ғизатуллин өмір бойы мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан айырыла отырып, 7 жыл 6 ай мерзіміне бас бостандығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 Ғизатуллиннің қылмыс жасауының себебі мен шарттарына келесі жағдайлар себеп болды:

 А.Г.Ғизатуллин 2018-2019 жылдар аралығында ММ басшысының бұйрығымен Казталов ауданы бойынша инвестициялық салым нысандарын тексеру бойынша мамандар тобының мүшесі болды.

 Ғизатуллин «2017-2021 жылдарға арналған ҚР агроөнеркәсіптік кешенін дамыту» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде №4 паспорт бойынша объектілерді тексеру барысында кейбір шаруа қожалықтарында құдықтың тереңдігін өлшеп, ұңғымаға жүгі бар арқанды түсіріп, содан соң құдыққа түсірілген арқанның ұзындығын өлшеп, осылайша құдықтың нақты тереңдігін орнатқан.

 Содан кейін құдықтың тереңдігінің сәйкессіздігін анықтаған, бұл ретте шаруа қожалықтарынан пара алып, актіде құдықтардың субсидия алуға сәйкес деп көрсеткен. Сонымен қатар барлық шаруа қожалықтарында Ғизатуллин тереңдіктерді өлшемеген, тек сыртқы тексеру және судың бар-жоғын тексерумен шектелген.

 Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыс жасауы азаматтардың мемлекеттік билікке деген сенімін төмендетеді және теріс имиджді қалыптастырады.

 Жоғарыда аталған қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен жағдайларды жою жөнінде шаралар қабылдау мақсатында облыс әкімі аппаратына ҚПК-нің 200-бабы тәртібінде тиісті ұсыным жіберілді.

 Сонымен қатар тиісті бақылаудың жоқтығы және бағыныштылармен профилактикалық жұмыстардың әлсіздігі үшін «БҚО Казталов ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ басшылығын тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәселені қарау ұсынылды.

 БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі

zhaikpress.kz

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале