20.01.2021, 11:48
Оқылды: 380

Қысқы жол күтімі – облыс әкімінің жеке бақылауында

2021 жылдың 19 қаңтарында Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғ.Н.Есқалиевтің төрағалық етуімен жергілікті атқарушы органдардың және жауапты мекемелердің қатысуымен қысқы жол күтімі бойынша жиын өткізілді.

жол1

Жиын барысында тас жолдар бойынша қардан тазалау және тайғақтықты жоюды қамтитын қауіпсіз және үздіксіз қозғалысты қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар кешені тиісті деңгейде жүргізілмей жатқандығы талқыланды.

«Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобасының жүзеге асырылуы аясында «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК облыстық филиалының мамандары жүргізілген мониторингтердің нәтижесі бойынша Батыс Қазақстан облысындағы республикалық тас жолдардың 25%-ы мұзбен жабылған және көлік қозғалысы үшін өте қауіпті екендігін атап өтті.

Қазіргі уақытта тас жолдардағы автомобильдер сағатына 50-70 км-ден артық жылдамдамдықпен жүре алмайды, ал еңістер жүргізушілер үшін нағыз сынақ болып отыр.

Облыс аумағы бойынша бір жарым мың километрге жуық республикалық маңызы бар тас жолдар өтеді. Жолдарды тиісті деңгейде ұстамау бойынша жауапты мекемелерге тиісті ұсыныстар жолданғанымен нәтиже болмай отыр.

Жауапты мекемелер өз тұрғысынан жолдарды күтіп ұстауға техника және құралдар жетіспейтіндігін айтты.

Жиын қорытындысы бойынша облыс әкімі қысқы жол күтіміне жауапты мекемелерге қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ету мақсатында тиісті шаралар қабылдауды тапсырды және жауапкершіліктері туралы ескертті.

Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы кез келген азамат 24/7 режимінде жұмыс істейтін «1424» Call-орталығы арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке хабарлай алады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале