28.11.2020, 13:27
Оқылды: 187

Мекеме бюджеттері қоғам бақылауында 

«Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» арқылы бюджет қаражатының тиімді жұмсалуына қоғамдық мониторинг жүргізу жалғасып келеді.

ab0caeab561f8053fc490e8d36df3a8a_original.70781

Мониторинг барысында «Шыңғырлау аудандық мәдениет, тілдерді дамыту және дене шынықтыру бөлімі» ММ 164 300 теңге сомасына кеңселік қағаз сатып алуды жоспарлағаны анықталды.

Интерактивті картадағы мәлімет – қараша-желтоқсан айларына сатып алу жоспарын Мемлекеттік сатып алу порталындағы аталған айларға сатып алу жоспарын зерделеу барысында аталған тауарды сатып алу бағасының өсіріліп көрсетілгені анықталды.

Атап айтқанда Мекеме 106 бума кеңселік қағазды жалпы сомасы 164 300 теңгеге, яғни 1 данасын 1550 теңгеге сатып алуды жоспарлап отыр.

Аталған тауардың медиандық бағасы облыс бойынша 1250 теңгені құраса Шыңғырлау ауданының ішкі саясат бөлімі 1 156 теңгеге сатып алуды жоспарлаған. Аталған мәселе үстіміздегі жылдың 29 қазан күні Департамент басшысының бірінші орынбасары Н.И.Саметтің Шыңғырлау ауданының әкімі Ә.Б.Мұханбетжановамен онлайн кездесу барысында талқыланды.

Нәтижесінде Шыңғырлау аудандық мәдениет бөлімі сатып алу жоспарына өзгерістер енгізіп, қағаздың 1 бумасының бағасы 1 071 теңге деп белгіленді.

Сонымен қатар сатып алынатын тауар саны 106-дан 100-ге азайтылып, нәтижесінде 57 200 теңге бюджет қаражаты үнемделді.

«Ашық бюджет» жобасы бюджет мәселелері бойынша азаматтардың хабардар болуын және тартылуын арттыруды, жұршылықтың бюджеттік ақпаратқа қол жеткізуін кеңейтуді және Қазақстанның бюджет жүйесінің ашықтығын, есептілігін және тиімділігін арттыру арқылы мемлекттік басқаруға азаматтық қоғамды тартуға жәрдемдесуді көздейді.

Осыған байланысты, азаматтарды Интерактивті карта арқылы бюджет қаражатының мониторингін жүргізуге атсалысуға шақырамыз.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы БҚО бойынша департаментінің Превенция және парасаттылық басшысы Б.Хайруллин

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале