29.05.2020, 0:17
Оқылды: 44

«Мектептерде ақша жинау заңсыз әрекеттерге тосқауыл!» тақырыбында онлайн-конференция өтті

2020 жылдың 28 мамыр күні «ANTICOR ORTALYGY» сервис орталығында «Ақжайық – адалдық алаңы» жобасы аясында БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі облыстық білім басқармасымен бірлесіп, білім беру саласындағы басшылардың қатысуымен мектептерде заңсыз ақша қаражатын жинауды болдырмау бойынша онлайн-конференция өткізді.
33DC42A2-9F43-4641-A191-63877170C67F

Конференцияға БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің парасаттылық және превенция басқармасының басшысы Б.М.Хайруллин, «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Ә.Ө.Салиева, білім беру саласындағы сапаны бақылау департаментінің басшысы Г.А.Сәрсенғалиева, БҚО білім басқармасының бөлім басшысы С.И.Темірғалиева, Орал қаласы білім беру бөлімінің басшысы А.М.Темірханова, аудандық білім беру бөлімдерінің басшылары, мектеп директорлары, қамқоршылар кеңестері және ата-аналар комитетінің төрағалары қатысты.

Өзінің сөзінде Б.М.Хайруллин ақшалай қаражатты жинауды болдырмау, сыйлықтар беру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қоғамда парасаттылық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жұмыстарының маңыздылығы туралы айтты.

Өз кезегінде Ә.Ө.Салиева конференцияға қатысушыларға білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелерін, сондай-ақ «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің білім саласында атқарып жатқан жұмысының негізгі бағыттарын түсіндірді.

Г.А.Сәрсенғалиева жүргізілген сауалнама қорытындысы білім берумен байланысты емес басқа жұмыстарға мұғалімдерді тарту, еріксіз газеттерге жазылдыру мәселелері бар екенін атап өтті.

Одан әрі Орал қаласы, Сырым ауданы білім беру басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралары және мектептерде ақша жинаудың алдын алу бойынша қабылданып жатқан жұмыстары туралы ақпараттары тыңдалды.

Іс-шара соңында Б.М.Хайруллин қатысушыларды адалдыққа, парасаттылыққа, сатылмаушылыққа және азаматтар мен мемлекеттің мүдделеріне қызмет етуге шақырды.

Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.

  zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале