19.02.2020, 17:14
Оқылды: 15

Мемқызметкер  - «Бостандықты бағала» акциясы жалғасуда

«Ақжайық - Адалдық Алаңы» жобасы аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет  қылмыстық-атқару жүйесі департаментімен бірлесіп, БҚО бойынша кейбір департамент қызметкерлері үшін РУ 170/1 тергеу изоляторына экскурсия өткізді. Оған  қатысушыларға тергеу кабинеттері мен ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған қылмыскерлерге арналған камера орындары көрсетілді. 

бостандықты бағала акциясы

Акцияның басты мақсаты – мемлекеттік қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, оларға бас бостандығынан айыру мекемелері ішіндегі ахуалды сезіндіру, сонымен бірге,   сыбайлас жемқорлыққа ілігу мен басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаудың салдарын  таныстыру болып табылады.

 

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале