22.05.2020, 19:38
Оқылды: 27

Мемлекеттік бағдарламалар аясындағы үйлердің құрылысы туралы сұрақтарға жауап берілді

22 мамырда ANTICOR LIVE жобасын іске асыру аясында «Ақжайық - адалдық алаңы» «Facebook» парақшасында Орал қаласының құрылыс бөлімінің басшысы А.С.Уксукбаевтың жобалық кеңсе алаңында азаматтарды онлайн қабылдауы жүзеге асырылды.

C77D3BAD-7B64-49D3-A33A-EB479F5123BD

Тікелей эфир кезінде әлеуметтік желілерді пайдаланушылардан түрлі сұрақтар түсті. Негізгі мәселелер мемлекеттік бағдарламалар аясындағы үйлердің құрылысы бойынша болды.

Пайдаланушылардың барлық сұрақтарына толық жауаптар берілді.

Азаматтарды қабылдау міндеті - халықпен тікелей диалог орнату және нығайту, азаматтардың нақты әлеуметтік мәселелерін шешу.

Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы азаматтар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке 24/7 режимінде жұмыс істейтін «1424» Call-орталығы арқылы хабарлай алады.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале