27.02.2020, 9:36
Оқылды: 57

Мемлекеттік қызметкерлер үшін «Бостандықты бағала» акциясы жалғасуда

26 ақпан күні «Ақжайық – адалдық алаңы» жобасы аясында БҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қылмыстық-атқару жүйесі департаментімен бірлесіп, БҚО бойынша экология мен атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау департаменттері мемлекеттік қызметшілері үшін  РУ-170/2  түзеу мекемесіне экскурсия өткізді.

Turme (2)

Түзету мекемесі қызметкерлері экскурсияға қатысушыларға тергеу кабинеттерін, ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған қылмыскерлерге арналған камераларды, қамаудағыларды серуендеуге арналған орындарды, тұрғылықты жерлерін, медициналық пункттерін, асханаларын көрсетті.

Turme (1)

Келушілер мекемедегі серуендеуге арналған орында 2 қатар сапқа тұрған 60 шақты қылмыскерлермен кездесті. Акцияның басты мақсаты – мемлекеттік қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық және басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаудың салдарларымен таныстыру болып табылады.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале