27.02.2020, 11:37
Оқылды: 18

Мемлекеттік шекара – мемлекеттіліктің негізі

«ANTIKOR ORTALYGY» Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздік комитеті 2029 әскери бөлімінің әскери қызметшілерімен кездесу өткізді.

antikor ortalygy (2)

Департаменттің Превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Б.Хайруллин қатысушыларды Агенттіктің негізгі жұмыс бағытымен таныстырып, адалдыққа, парасаттылыққа және мемлекет пен халық мүддесіне қызмет етуге шақырды. Шекара қызметінде қызмет атқару кезінде кездесетін және қаржылық-шаруашылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері айтылды. Сондай-ақ шекарада ауыр жүк көліктері жиналып қалған кезде тікелей байланыстағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындатынын, автобустар жолаушылары мен жеңіл көліктердің жүргізушілері шекаралық бақылаудан тезірек өтудін жолдарын іздейтіндігін де айта өтті.

Қатысушыларға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызмет барысы және сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасаған күдіктілерді ұстау барысы туралы бейнероликтер көрсетілді.

Азаматтар сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің «1424» Call орталығына хабарлай алады. Call орталық 24/7 режимінде қызмет жасайды.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале