9.07.2020, 0:53
Оқылды: 33

Облыс жолдарына мониторинг жалғасуда

2020 жылдың 7 шілдесінде «Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобасын іске асыру аясында жол құрылысы саласындағы сыбайлас жемқорлықты жою бойынша «Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығы» РМК облыстық филиалының мамандары, тапсырыс беруші жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен, «Ақжайық - Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесімен және АМТ-мен бірлесіп, облыстық маңызы бар «Тасқала-Аққурай-Болашақ – РФ шекарасы» 0-48 км (бас мердігер-"Uniserv" ЖШС) күрделі жөндеу объектісінде мониторинг жүргізілді).

CBEB28B6-62C1-4FF1-9530-C63D01008849

 Атап айтқанда, өткен айдағы мониторингтің ескертулерін жою бойынша жұмыстар барысына мониторинг жүргізілді, онда бір қабатты асфальтбетон жабындысында жылжу және тарақ түріндегі ақаулар анықталды.

 Мердігермен анықталған ақаулар жойылып жатқаны анықталды. Атап айтқанда, мердігер кепілдік міндеттемелер аясында жол төсемінің жоғарғы қабатын өзгертуде.

A8F8223C-C708-4F99-A80A-BC3F99FEC61C

 Сондай-ақ жолдың жүру бөлігінің геометриялық параметрлеріне (ен өлшемдері, қалыңдығын анықтау және сараптау үшін А/Б жабынынан керндерді іріктеу) мониторинг жүргізілді, қиыршықтас сынамасы, сондай-ақ жоба талаптарына сәйкес бетонды жабын асфальттың жоғарғы қабатының ені іріктелді.

 Іріктелген керндер бойынша сынақтар жүргізілетін болады.

Осы жобаның міндеттерінің бірі ашықтықты қамтамасыз ету болып табылады және белсенді азаматтық ұстанымы бар қоғам мүшелері мен жолдарды салу кезінде өзара іс-қимыл орнату.

 Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы кез келген азамат сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке 24/7 режимінде жұмыс істейтін «1424» Call-орталығы арқылы хабарлай алады.

 zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале