13.01.2020, 18:09
Оқылды: 61

Облыстық білім саласы жемқорлық бойынша үштікке енді  

 

«Өкінішке орай, Батыс Қазақстан облысында білім саласы сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша үштікте».

syb (2)

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басқарма басшысы Б.Хайруллин облыстың жалпы білім беретін мектептері, лицейлер мен гимназия директорларының қатысуымен өткен «Мектеп менеджменті: тиімді басқару және сапалы білім» атты облыстық семинарда баяндамасын осы сөздермен бастады.

syb (3)

Сондай-ақ ол қылмыстық істерді талдау мен тергеу барысында анықталған білім саласындағы сыбайлас жемқорлық фактілеріне тоқталды. Б.Хайруллиннің сөзінше, жымқыру туралы қылмыстық істердің негізгі бөлігі үшінші тұлғалардың электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) теріс мақсатта қолдануымен байланысты көрінеді. Сондықтан директорлардың ЭЦҚ-ны есепшіге немесе мектептің басқа да қызметкерлеріне беру қауіпті екендігіне ерекше назар аударды. Әрі директорлардың мектептерде жемқорлықтың алдын алу мен жастар арасында парасаттылық мәдениетін қалыптастыру бойынша жұмыстарының маңыздылығы айтылды, деп хабарлайды БҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басқармасының баспасөз қызметі.

Семинар соңында қатысушыларға сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу, ЭЦҚ-ны басқа тұлғаларға сеніп тапсырмау, барлық қызметкерлердің жүктемесі көрсетіліп, көрнекті орынға штаттық кестені ілу; «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының жұмысын жандандыру, мектеп үйірмелерінің жұмысын бақылауды күшейту тапсырылды.

 

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале