19.02.2020, 16:56
Оқылды: 19

Облыстық кітапханаларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы бұрыштар ашылды

Жас ұрпақты тәрбиелеуде кітапхананың орны ерекше. Бүгінгі жастар – ертеңгі елдің болашағы. Болашақ мамандардың заман талабына сай   қалыптасуына қажетті ресурсты кітапханадан табуға болады.

kitaphana

ХХ-ХХІ ғасырлар аралығында сыбайлас жемқорлық – ел экономикасының көтерілуіне үлкен кедергі келтіріп отырған кесел. Сондықтан да оның алдын алу мен болдырмау мақсатында елімізде  іс - шаралар   жүзеге асырылуда.  Әрі  сыбайлас жемқорлық  ұлттық қауіпсіздікке төнетін негізгі қауіп екенін айқын сезінген   мемлекеттік органдар оған  қарсы тұру механизмдерін әзірлеп, іске асыруды көздейді. Осыған орай   «Ақжайық – Адалдық Алаңы» жобасы аясында Орал қаласындағы облыстық Ж.Молдағалиев атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы, облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапхана мен Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бұрыштар ашылды. Аталған бұрышқа сыбайластыққа қатысты материалдар жариялаған  түрлі газет-журналдар, кітаптар қойылып,   парасаттылық, адалдық құндылықтарын қалыптастыру бағытындағы   материалдарды бір жерден алуға мүмкіндік берілген.

 

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале