10.02.2020, 16:18
Оқылды: 14

Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының ұжымымен кездесті

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО-дағы департаменті жанынан құрылған «Парасыз болашаққа. Бірге!» мобильді тобының мүшелері «Батыс Қазақстаң облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы ұжымымен кездесу өткізді.

aqjaiyq (1)

Шараға департаменттің превенция және парасаттылық басқармасының АМІЖ бас маманы Е.Ерланұлы қатысып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, парасаттылықты қалыптастыру, мемлекеттік аппараттағы этика нормалары, қоғамдағы адалдық, мемлекеттік органдардың ашықтығы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет бойынша жұмыстың маңыздылығы туралы баяндама оқыды.

Сонымен қатар шарада қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу мәселелері, «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің және арнайы мониторингтік тобы жұмысының негізгі бағыттары жөнінде түсіндірілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің

БҚО департаментінің баспасөз қызметі

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале