14.08.2020, 10:51
Оқылды: 23

«Өңірлерді дамыту», «Нұрлы жер» бағдарламалары және «Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобасы басты назарда

 2020 жылдың 13 тамыз күні «Адалдық Алаңы» Республикалық жобалық кеңсесінің жетекшісі Төлеген Зейнешұлы Байгулов бастаған мониторинг тобының мүшелері «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы арқылы қайта жұмыстары жүрген тұрғын үйдің тұрғындарымен кездесіп, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

4A8356FC-4F90-45A7-AAED-2D8F73453303

Сондай-ақ Казталов ауылындағы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынған жалдамалы үйдің құрылыс сапасын да қарап шықты. Содан кейін «Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобасын іске асыру шеңберінде аудан көлеміндегі жөндеу нысандарында жалғасып, мердігер компания өкілдерімен кездесті.

Жұмыс тобы Қайыңды және Болашақ ауылдық округтеріне де ат басын бұрып, әкімдіктің халыққа қызмет көрсету бұрышын тексеріп, жөндеуден өтіп жатқан мектеп ғимараты бойынша сұрақтарына жауап алды.

 zhaikpress.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале