17.06.2020, 22:56
Оқылды: 13

Онлайн-конференциялар жалғасуда

2020 жылдың 17 маусым күні ZOOM қосымшасы арқылы М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың басшылығы мен физика-математика факультеті қызметкерлеріне «ЖОО ашықтықты және айқындықты қамтамасыз ету жөніндегі жемқорлыққа қарсы стандарты» тақырыбында онлайн-конференция ұйымдастырылды.

689CAE43-7A51-49CF-89B4-432DA41C3E74

 Онлайн-конференция жұмысына М.Өтемісов атындағы БҚМУ проректоры Т.М.Дәрішева, департаменттің превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Б.М.Хайруллин, облыстық ақпараттық-ағартушылық штабының мүшелері және университеттің физика-математика факультетінің қызметкерлері қатысты.

 Шара барысында ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 10-бабына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар және 12-бабына сәйкес шектеулер қабылдаулар барысы талқыланды.

1D54931B-B065-4203-8BBB-DA345EB8974E

 Аталған онлайн-конференциялар өз жалғасын табатын болады.

Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале