12.07.2020, 22:49
Оқылды: 43

Орал қаласындағы дәріханаларға қоғамдық мониторинг жүргізілді

2020 жылдың 12 шілде күні ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО бойынша департаменті (Р.Ақмырзаев, Н.Самет), «NUR OTAN» партиясының БҚОФ (М.Мұқаев), «Aqjayiq adaldyq alany» жобалық кеңсесі (Ә.Салиева) басшылығының, сондай-ақ қоғам және БАҚ өкілдерінің қатысуымен Орал қаласындағы дәріханаларға мониторинг жүргізілді.

A20EBDC6-E90A-4381-8520-BC974324C416
Мониторингпен қаланың 58 дәріханасы қамтылды, оның ішінде дәріханалардың ірі желілері («Талап» АҚ, «Провизор» ЖШС, «Рахишева Б.Р.» ЖК және т.б.), сондай-ақ қаланың шағын дәріханалары («Нурушева» ЖК, «Пиляева» ЖК, «Малаева» ЖК және т.б..) бар. Азитромицин, Тамифлю, Ингавирин, Арпефлю, Цеф III, Цефтриаксон, Левозин сияқты көптеген вирусқа қарсы және ыстықты түсіретін препараттардың жоқтығы байқалады, бұдан басқа қызу өлшегіштер де сатылымда жоқ.

5E01D081-C1ED-4E9D-A4D4-E942509E9C8C

 Сатушылардың түсіндірулері бойынша қоймаларда тиісті дәрі-дәрмектер жоқ.

00C19603-0B52-4971-B06F-1B063F70367A

 Құны 120 теңге медициналық маскалар бағасының жоғарылауы анықталды, рұқсат етілген баға 118 теңге. (Ларина көшесі ½, Еуразия 88 «Назэль», Жәңгір хан 68 Б, Назарбаев даңғылы 216/1).

 Бұл ретте көптеген дәріханаларда ұқсас вирусқа қарсы препараттардың бағасы (Азитромицин, Тамифлю, Арпефлю, Сумамед) бірнеше есеге қымбат.

8A54F80E-04B8-4728-A52F-C53C9A446651 Бүгінгі күні Орал қаласында дәріханалар штаттық режимде жұмыс істеуде, кезектілік жоқ.

 Мониторинг барысында медициналық препараттарды лицензиясыз заңсыз сату фактілері анықталған жоқ.

  zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале