22.05.2020, 10:11
Оқылды: 60

Орал қаласының ТКШ және тұрғын үй қорын жаңғыртуға бағытталған бюджет қаражатын жұмсау бойынша тұрақты негізде мониторинг жүргізетін болады

21 мамыр күні сағат 15:00-де «Ақжайық - адалдық алаңы» жобасын іске асыру аясында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Д.Еркінұлы, «Орал қалалық пәтер иелері кооперативтерінің қауымдастығы» басшысы Н.У.Чабдаров және «Орал Құрлыс Жөндеу Сервис» ЖШС директоры Н.У.Акатов жобалық кеңсе алаңында азаматтарды онлайн-қабылдау жүргізді.

138D726A-76C4-45BA-9701-149B737F6DD3

Тікелей эфир кезінде әлеуметтік желілерді пайдаланушылардан түрлі сұрақтар түсті. Негізгі мәселелер: тұрғын үй қорын жаңғырту туралы жалпы ақпарат, көппәтерлі үйлерді жөндеуге өтініш беру, сондай-ақ мемлекеттік жаңғырту бағдарламасын іске асыруға бағытталған бюджет қаражаты есебінен жүргізілген жұмыстардың сапасы және т.б.

Пайдаланушылардың барлық сұрақтарына толық жауаптар берілді.

Азаматтарды қабылдау міндеті - халықпен тікелей диалог орнату және нығайту, азаматтардың нақты әлеуметтік мәселелерін шешу.

Сонымен қатар «Ақжайық - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі «Орал қалалық пәтер иелері кооперативтерінің қауымдастығы» және «Орал Құрлыс Жөндеу Сервис» ЖШС басшыларымен Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және тұрғын үйді жаңғырту мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша халыққа қолайлы жағдай жасау бойынша үш жақты меморандумға қол қойылды.

«Ақжайық - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі Орал қаласының ТКШ және тұрғын үй қорын жаңғыртуға бағытталған бюджет қаражатын жұмсау бойынша тұрақты негізде мониторинг жүргізетін болады.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале