15.01.2020, 15:12
Оқылды: 65

Оралда «Ашық әкімдік» жобасының фронт-офисі ашылды

Бүгін Орал қаласының мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында «Ашық әкімдік» жобасының тағы бір фронт-офисі ашылды.

dep kor (1)

Фронт-офистің ашылу салтанатына Орал қаласының әкімі А.Шыныбеков, БҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Р.Ақмырзаев, БҚО бойынша мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы Ғ.Тұрсынбаев, «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Ә.Салиева, қала тұрғындары мен БАҚ өкілдері қатысты.

dep kor (2)

-Біздер мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасынының облыста іске асырылуының куәгері болып отырмыз. Адалдық, әділдік сияқты құндылықтарды қалыптастыруда фронт-офистердің орны ерекше, - деді Р.Ақмырзаев фронт-офистің ашылу салтанатында.

dep kor (3)

Айта кетейік, фронт-офистердің негізгі мақсаты – халыққа қызмет көрсетуді қамтамасыз ету кезінде ашықтықты қамтамасыз ету.

         zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале