16.07.2020, 15:32
Оқылды: 27

Оралдағы көпбейінді қалалық ауруханаға гуманитарлық көмек жеткізілді

15 шілде күні Батыс Қазақстан облысына Катардан және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан келген гуманитарлық көмек көпбейінді қалалық ауруханаға жеткізілді. 7F480542-2D77-401C-879E-B076583AD028

Гуманитарлық көмектің тиісті жерге жеткізілу барысын БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлері, «Халықтық бақылау» комитетінің өкілдері және қоғам өкілдері мен еріктілер бақылады.
B53EBF9E-2EAF-4ADE-89F8-6D2D34F83633

Бұл келген гуманитарлық көмекке алыпсатарлықты болдырмау мақсатында атқарылып жатырған жұмыстардың бірі. Әрбір дәрі-дәрмек пен қорғаныс заттары тиісті мақсатта қолданылатын болады.

EE39C112-5B84-4554-9FFB-FE2FE7FFB714 Егер азаматтар дәрі-дәрмектер бағасының негізсіз көтерілу фактілеріне тап болған жағдайда, БҚО Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне, «Ақжайық – Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің 8 747 492 91 79 WhatsApp нөміріне және республикалық «Адалдық Алаңы» кеңсесінің 8 702 000 24 94 нөміріне хабарласа алатындықтарын естеріңізге саламыз.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале