22.07.2020, 9:33
Оқылды: 28

Парасаттылық - ҰБТ тапсыру кезіндегі басты қағида

Ұлттық бірыңғай тестілеу ағымдағы жылдың 22 маусымы мен 19 шілде аралығында дәстүрлі жазбаша нұсқада өткізілді.

9EE8272D-3186-4F2E-A38E-9E61E2F214DF

Тестілеу өткізу орындары Орал қаласында анықталды. Атап айтқанда, М.Өтемісов атындағы БҚМУ, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ. Сондай-ақ, ҰБТ Казталов, Бөрлі, Ақжайық, Сырым, Жаңақала, Жәнібек, Қаратөбе аудандарында өткізілді.

Тестілеу барысында ашықтық пен айқындылықты, адалдықты қамтамасыз ету мақсатында облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің қызметкерлері, сондай-ақ ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі жанындағы арнайы мониторинг тобының мүшелері бақылаушылар ретінде тартылды.

A19B94F3-68BE-4380-AAD9-13CA1D011402

Тестілеуге 4892 талапкер қатысты (224 үміткер келмеген). Іске қосу кезінде 45 мультимедиялық, мобильді құрылғы мен шпаргалка алынды.

Қоғамдық бақылау арқылы ашықтықты қамтамасыз ету тестіленушілер үшін тең жағдай жасайды және тестілеудің әділ қорытындыларын қамтамасыз етеді.

Жалпы, агенттік Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, парасаттылық пен Академиялық адалдық идеологиясын ілгерілету бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.

  zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале