27.02.2020, 13:58
Оқылды: 13

Полицейлерге ынтымақтасу ұсынылды

   «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі мен департамент қызметкерлері БҚО полиция департаменті жеке құрамымен кездесу өткізді.

AMT (4)

Іс-шараға «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі басшысы Ә.Салиева, «Нұр Отан» партиясы заңгері М.Мұқашев, департаменттің превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Б.Хайруллин қатысты.

Ә.Салиева «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жұмысының негізгі бағыттары мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелерін түсіндірді.

AMT (3)

Департаменттің превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Б.Хайруллин қатысушыларды агенттіктің негізгі жұмыс бағытымен таныстырып, арнайы мониторинг топтарымен бірге учаскелік полиция пункттеріне, департамент пен басқарма бөлімдеріне мониторинг жүргізуді тапсырды.

Полиция қызметінің имиджін көтеру мақсатында жұмыс өтіліне байланысты зейнетке шығатын қызметкерлерді салтанатты түрде демалысқа шығарып салу және полиция мұражайына азаматтардың саяхаттарын ұйымдастыру ұсынылды.

Қатысушыларға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызмет барысы және сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасаған күдіктілерді ұстау барысы туралы бейнероликтер көрсетілді.

Азаматтар сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің «1424» Call орталығына хабарлай алады. Call орталық 24/7 режимінде қызмет жасайды.

zhaikpress.kz 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале