23.10.2020, 20:59
Оқылды: 135

Салынып жатқан тұрғын үйдің заңдылығына мониторинг жүргізілді

Д.Қонаев шағын ауданы тұрғындары салынып жатқан тұрғын үйдің заңдылығы туралы шағымданған болатын.

3BB81B7F-1EA2-46CA-B5A6-78194BC2FC9A

 Агенттіктің Серіктестік департаменті директоры Р.М.Медетов және ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының  іске асырылуын сыртқы талдау мен бағалаудың Республикалық арнайы мониторингтік тобы басшысының орынбасары Р.Р.Гасанов жоғарыда аталған мəселе бойынша тұрғындармен кездесті.

 Осыған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің араласуымен құрылыстың заңдылығы өкілетті органдармен тексерілген болатын. Тексеру қорытындысы бойынша кемшіліктерді жою бойынша ұсыныс берілді.

 Бүгін Агенттік өкілінің кездесуі нәтижесінде Орал қаласы əкімдігімен балалар ойнайтын алаң салынатын болып шешілді.

 Мəселе Агенттіктің қатаң бақылауында.

 Республикалық арнайы мониторингтік тобының Батыс Қазақстан облысындағы іссапары жалғасуда. Іссапар аясында білім, денсаулық сақтау салалары және полиция қызметтерінде мониторинг жүргізілді.

 Р.Р.Гасанов облысымыздағы цифрландыру мәселелерін саралап, өз ұсыныстарын беруде.

 22 қазан күні Бәйтерек ауданында болса, 24 қазан күні Бөрлі ауданына шығу жоспарлануда.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале