20.07.2020, 15:32
Оқылды: 154

Шілдедегі «Адалдық сағаты»  Әл-Фарабиге арналмақ

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) бастамасымен қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, парасаттылықты қалыптастыру мақсатында «Адалдық сағаттары» өткізіліп келеді.

052F6D40-496D-411B-98F6-F8BFB8A8E7A7

Елдегі қалыптасқан карантин жағдайына байланысты және мамыр айында бірінші рет онлайн форматта өткізілген «Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай» тақырыбындағы «Адалдық сағатының» оң тәжірибесін ескере отырып, жалпыреспубликалық акцияны ай сайын өткізу туралы шешім қабылданды.

Ұлы ойшылдардың еңбектерін кең көлемде дәріптеу – саналы ұрпақты тәрбиелеудің жарқын үлгісі екендігі белгілі.

Биыл елімізде бүкіл әлем мойындаған, адамзат тарихында Аристотельден кейінгі екінші ұстаз деген атаққа ие болған данышпан бабамыз Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы аталып өтеді.

Сол себепті, шілде айындағы «Адалдық сағатының» тақырыбы ұлы ойшыл, ғұлама бабамыз Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына орай, «Әл-Фараби және қайырымды қоғам» деп анықталып, мемлекеттік және ресми тілде тиісті бейне-дәрістер әзірленді. Бейне-дәрістердің сілтемелері облыстағы мекемелерге таратылып, әлеуметтік желілерге жарияланды.

Аталған бейне-дәрістерде Әл-Фарабидің өз шығармаларында, оның ішінде «Қайырымды қала тұрғындары» еңбегінде тәрбие, мейірімділік, парасаттылық және әділдік жайлы айтылған ойлары мен өскелең ұрпаққа қалдырған мұралары туралы айтылады.

 zhaikpress.kz

 

 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале