19.02.2020, 12:07
Оқылды: 25

Шыңғырлаудағы мекемелерге мониторинг жасады

2020 жылдың 18 ақпан күні Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Н.Самет  «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Ә.Салиева және АМТ мүшелері жұмыс сапарымен Шыңғырлау ауданында болды.

 aqjaiyq adaldyk alany shyngyrlau (2)

Жұмыс сапары барысында Шыңғырлау ауылының жалпы білім беретін орта мектептерінің, аудандық колледж бен аурухананың жұмыс барысымен танысты. Аудандық мектептерде, колледжде және ауруханада «Парасатты азамат» бұрыштары жасақталып, «Адалдық дүкендері» жұмыс жасауда, мектептерде «Турникет» және білім мекемесінің жалпы мәліметтері көрсетілген «Инфокиосок» жүйесі орналастырылған.

aqjaiyq adaldyk alany shyngyrlau (1)

Н.Самет осы бағыттағы жұмыстарды одан әрі жандандыру мақсатында нақты ұсыныстар беріп, тұрғындарды адал, парасатты болуға және мемлекет пен азаматтардың мүддесіне шынайы қызмет етуге шақырды.

aqjaiyq adaldyk alany shyngyrlau (3)

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале