28.02.2020, 10:12
Оқылды: 39

Спортта сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

27 ақпанда департамент басшысы Р.Ақмырзаев қаржы, дене шынықтыру және спорт басқармаларының ұжымы және БҚО спорт мектептері директорларымен кездесу өткізді.

Р.Ақмырзаев қатысушыларды агенттіктің негізгі жұмыс бағыттарымен таныстырды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелерін түсіндірді.

спорт (2)

Республика бойынша спорт және мәдениет саласындағы қылмыстық-тергеу тәжірибесін талдау осы саладағы сыбайлас жемқорлық негізінен сеніп тапсырылған бюджет қаражатын жымқыру, «жоқ адамдарға» жалақы есептеу, оқу-жаттығу жиындарын және басқа да жаттығу іс-шараларын жалған өткізу және т. б. екенін көрсетті. Егер бұрын Батыс Қазақстан облысында осы сала анықталған құқық бұзушылықтар саны бойынша алдыңғы орында болса, соңғы 2 жылда (2018-2019) қылмыс анықталған жоқ. Бұған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін облыстық спорт басқармасының басшылығымен бірлесе отырып жою жұмыстары нәтижесінде қол жеткізілді деп санаймыз.

спорт (3)

Еске сала кететін жайт, бұл жұмыстар облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бұрынғы басшысы Шаяхметовке қатысты 2017 жылғы резонанстық қылмыстық істен кейін қолға алынған болатын. Ол Орал қаласының спорт мектептерінің жаттықтырушыларынан 1,5 млн.теңге, яғни БҚО спортшыларының оқу-жаттығу жиындарын өткізу үшін іссапар шығыстарына бөлінген қаражаттың 40% - ын заңсыз жинап алған. Сот үкімімен оның мүлкі тәркіленіп, жалпы режимдегі колонияда жазасын өтеумен және мемлекеттік органдар мен мекемелерде қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырумен бес жарым жылға бас бостандығынан айырылды.

СҚО қаржы басқармасы басшысының орынбасарына қатысты қылмыстық істерден мысалдар келтірілді. Атап өтерлік жайт, СҚО қаржы басқармасы басшысы бірден жұмыстан кету туралы өтініш білдіріп, облыс әкімі жұмыстан шығарды.

zhaikpress.kz

 Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале