4.08.2020, 11:59
Оқылды: 30

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ветеринария саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау қорытындыларын қарады

2020 жылғы 3 тамызда «ANTIKOR ORTALYGY» сервис орталығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Н.Саметтің қатысуымен БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүргізген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау қорытындылары қаралды.

3EDE6120-877C-4A85-BE09-0D850B6BEAD4

Сыртқы талдау барысында анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша бекітілген жоспардың орындалуы туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің БҚО аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары Ш.Кайрмуханованың есебі тыңдалды.

Кездесу қорытындысы бойынша Н.Самет осы мәселені құқықтық реттеуді қамтамасыз ете отырып, аудандық бөлімшелердің қызметіне ішкі бақылауды жүзеге асыруға жауапты лауазымды тұлғаны анықтауды ұсынды.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің БҚО аумақтық инспекциясы қызметінде анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша шаралардың орындалуы БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің ерекше бақылауында болады.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале