6.08.2020, 17:13
Оқылды: 32

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен білім беру гранттарын бөлу саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген мониторинг қорытындысы қаралды

2020 жылдың 5 тамызында «ANTIKOR ORTALYGY» сервистік орталығында БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Н.Саметтің қатысуымен облыстың білім беру гранттарын бөлу саласында жүргізілген мониторинг қорытындысы қаралды.

699669A2-FC72-427C-ADC0-49C4429DA89D

Бекітілген жоспарға сәйкес БҚО білім басқармасы (бұдан әрі- Басқармасы) басшысының орынбасары З.Гумарованың мониторинг барысында анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі есебі тыңдалды.

Кездесу қорытындысы бойынша Н.Самет кәсіптік және техникалық мамандықтар бойынша түлектердің жұмысқа орналасу барысына мониторинг жүргізетін маманның қызметін регламенттеуді ұсынды.

Мониторинг барысында білім беру гранттарын бөлу саласында анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша іс-шаралардың орындалуы БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің ерекше бақылауында болады.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале