30.07.2020, 12:51
Оқылды: 38

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен БҚО ішкі саясат басқармасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдаудың қорытындысы қаралды

2020 жылдың 29 шілдесінде «ANTIKOR ORTALYGY» сервистік орталығында БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Н.Саметтің қатысуымен БҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүргізген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің сыртқы талдауының қорытындысы қаралды.

unnamed (5)

БҚО ішкі саясат басқармасының басшысы Н.Даумовтың бекітілген жоспарға сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау барысында анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі есебі тыңдалды.

Кездесу қорытындысы бойынша Н.Самет жарияланған материалдың көлемін анықтау әдістемесін әзірлеу және бекіту туралы мәселеге бастамашылық етуді және орындалған жұмыстардың объективті бағасын қамтамасыз ете отырып, жарияланымдар мен фотоматериалдарды басып шығару бойынша көрсетілетін қызметтер көлеміне қойылатын талаптарды қайта қарауды, сондай-ақ мемлекеттік-ақпараттық саясатты іске асыру жөніндегі функцияның болмауына байланысты Басқарма ережесіне өзгерістер енгізуді ұсынды.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале