15.09.2020, 21:12
Оқылды: 111

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен БҚО облысы бойынша жеке мемлекеттік – жекешілік әріптестік жобаларының саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген мониторинг қорытындысы қаралды

2020 жылдың 15 қыркүйегінде «ANTIKOR ORTALYGY» сервистік орталығында БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Б.Хайруллиннің қатысуымен БҚО облысы бойынша жеке мемлекеттік – жекешілік әріптестік жобаларының саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдаудың қорытындысы қаралды.

b32cc8f2-b9d8-46ab-ad4d-c3fc2b0c858f

Бекітілген жоспарға сәйкес, БҚО экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының БҚО облысы бойынша МЖӘ саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне мониторинг барысында анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі ақпараты тыңдалды.

Кездесу қорытындысы бойынша Б. Хайруллин ведомствоаралық жобалық топ құрамына жұртшылық пен үкіметтік емес ұйымдар өкілдерін қосу бөлігінде өзгерістер енгізу туралы мәселеге бастамашылық етуді ұсынды, өйткені жұртшылық өкілдерінің болмауы комиссия қызметінде формализм белгілерін тудырады және шешімдердің объективті түрде қабылдануына әсерін тигізіп, сонымен қатар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жағдайлар тудырады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале