27.07.2020, 20:11
Оқылды: 19

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен экология саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдаудың қорытындысы қаралды

 27 шілдеде «ANTIKOR ORTALYGY» сервистік орталығында БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Н.Саметтің қатысуымен БҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүргізген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің сыртқы талдауының қорытындысы қаралды.

63D9FB3D-75A2-4967-B05D-7F81F4BCB933

БҚО экология департаменті (бұдан әрі-Департамент) басшысының міндетін атқарушы С.Тлегеновтың бекітілген жоспарға сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау барысында анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі есебі тыңдалды.

Кездесу қорытындысы бойынша Н.Самет тәртіптік жазаларды мерзімінен бұрын алып тастау Орталық аппаратқа жеткілікті уәждемемен және тек қана жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізген жағдайда ұсыныстар енгізу бойынша департамент бөлімшелері басшыларының жауапкершілігін нақты регламенттеуді ұсынды.

Бұған дейін департаментте сыйақы беру алдында жеткіліксіз негіздерсіз тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алып тастау тәжірибесі қолданылған болатын, бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне туындауына және тәртіптік жаза тәжірибесінің тәрбиелеу функциясының төмендеуіне әкеледі.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале