16.09.2020, 19:20
Оқылды: 122

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен қызметтік тұрғын үй беру және бөлу бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген мониторинг қорытындысы қаралды

2020 жылдың 16 қыркүйегнде «ANTIKOR ORTALYGY» сервистік орталығында БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Н.Саметтің, Орал қаласы әкімінің орынбасары М.Мүлкайдың қатысуымен қызметтік тұрғын үй беру және бөлу бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген мониторинг қорытындысы қаралды.

33d4714d-0cb3-4348-8d91-0a1e724d0907

Бекітілген жоспарға сәйкес мониторинг барысында анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою туралы Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің ақпараты тыңдалды.

Кездесу қорытындысы бойынша Н.Самет комиссия құрамына жұртшылық және үкіметтік емес ұйымдар өкілдерін енгізу, тұрғын үй комиссиясының отырыстарын міндетті түрде аудио және бейне жазба жазу арқылы өткізу және қызметтік үйлерді беруден бас тартуды регламенттеу туралы Ережеге өзгерістер енгізу бойынша мәселеге бастамашылық жасауды ұсынды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале