21.01.2021, 18:37
Оқылды: 348

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған шаралар жүйелі түрде ұйымдастырылуда

Елбасы мен Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту жөнінде маңызды заңнамалық шаралар қабылдануда.

 IMG_3652 (1)

Ол үшін «Ақжайық – Адалдық алаңы», «Адал көмек», «PBI», «Саналы ұрпақ», «Адал ұрпақ», «Сапалы жол – Адалдық алаңы», «Адал жол» және т.б. жобалар жүзеге асырылып, ақпараттық-ағарту жұмыстары үйлестірілуде.

2020 жылы облыс бойынша қоғамда жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша 528 790 адамның қатысуымен 1 725 іс-шара өткізілсе, ақпараттық-ағартушылық штабымен 9 500 адамның қатысуымен 140-қа жуық кездесулер ұйымдастырылды.

IMG_3638 (1)

Агенттік бастамасымен Еріктілер жылы аясында «Адал көмек» жобасы іске қосылды. Әр түрлі сала өкілдерімен 300 онлайн тегін құқықтық кеңестер беріліп, оған 1000-нан астам тұрғын жүгінді, 120-дан астам тұлға ерікті ретінде қатысты.

Қоғам тарапынан қолдау тауып отырған жобалардың бірі – «Ақжайық – Адалдық алаңы» жобасы болып отыр.

Жалпы, 2020 жылы жобалық кеңсе қоғамдағы тұрмыстық жемқорлықты жою, мемлекет аппаратына сенімді арттыру мақсатында 300-ден аса әр түрлі сала өкілдерімен кездесулер, 145-тен аса мониторингтер, 15 брифинг, 60 тікелей эфир, 55 онлайн қабылдаулар ұйымдастырды.

«Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобасымен 57 мониторинг жүргізіліп, 53 кемшілік анықталып, бүгінгі таңда олардың 53-і немесе 100% орындалды.

Өскелең ұрпақтың бойында парасаттылықты қалыптастыру мақстатында «Саналы ұрпақ» және «Адал ұрпақ» жобаларымен тығыз қарым-қатынаста жұмыстар жүргізілуде.

«Саналы ұрпақ» жобасы аясында 4 жоғары оқу орындарында және 34 колледжде жобалық кеңсесі жұмыс жасайды, клубтың 1000-нан аса мүшесі бар. «Адал Ұрпақ» жобасы ерікті клубтары облыс бойынша 307 мектепте құрылған. Қатарында 5 800-ден астам оқушылар бар.

 

БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале